|
Дәнекерлеу жарқылына ұзағырақ қараған адам катарактіге ұрынатыны белгілі болды
|
Дмитрий Сагоненко есімді 17 жылдық тәжірибесі бар ресейлік офтальмолог дәнекерлеу жұмысы кезінде қорғаныс көзілдірігін тағудың маңыздылығына тоқталды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, дәнекерлеу жарқылына қорғаныш көзілдірігінсіз қараған адамның жанарын аса қауіпті ультракүлгін сәуленің әсерінен электроофтальмия деген атпен белгілі күйік шалады. Дәнекерлеу жарқылы көздің қасаң қабығы мен шырышты қабаты сияқты сыртқы бөліктеріне әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар, тереңірек құрылымдарына зиянын тигізуі мүмкін. Бұдан адамның көру қабілетін төмендететін радиациялық катаракта болып қалады және көз торы зақымдалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды