Ерлер мен әйелдер арасындағы өмір сүру алшақтығы қысқарып келеді
Ерлер мен әйелдер арасындағы өмір сүру алшақтығы қысқарып келеді
2 ай бұрын 720 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі адам ғұмырының едәуір ұзарғанын және гендерлік айырмашылықтың жойылғанын көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы Live Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығының алшақтығы жойылуда. Испаниядағы Алкала университетінің экономика және бизнесті басқару профессоры Дэвид Атанс бастаған ғалымдар осындай тұжырымға келген екен. Бұл тараптағы зерттеу 190-нан астам елді қамтыды. 1990 жылы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы 77,17 жас болса, ерлердікі 72,23 жасты құрады. 2010 жылы бұл көрсеткіштер әйелдер үшін 83,10-ға және ерлер үшін 78,37-ге дейін өсіп, өмір сүру ұзақтығының алшақтығы шамамен 0,2 жылға қысқарған. Ғалымдар әйелдердің өмір сүру ұзақтығының ұлғаю қарқыны баяулап келе жатқанын, дүние жүзінде орташа өмір сүру ұзақтығы 2030 жылға қарай әйелдер үшін 86,54 жасты, ерлер үшін 83,13 жасты құрайтынын атап өтті. Соған қарамастан әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда әлі де жоғары екенін айта кету керек. Осы тұста ерлер жасушасынан жас ұлғайған сайын Ү-хромосомасы жоғала бастайтынын және жасқа байланысты аурулардан әйелдерге қарағанда ертерек көз жұматынын да айта кеткен жөн.

0 пікір
Мұрағат