|
Instagram-ға енді интернетсіз кіруге болады
|
Instagram желісі Android қолданушыларына ғаламторсыз-ақ орындауға болатын бірнеше функцияларды қолжетімді етті. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.
F8 конференциясы барысында Instagram өкілі қолданушылардың интернетке қосылмай лүпіл басып, пікір қалдыра алатынын айтты. Сонымен қатар, суреттерді сақтап, кей тіркелушілеріңізден шығып кетуіңізге болады. Бұл әрекеттердің барлығы қосымшада сақталып, ғаламторға қосылған жүзеге асады.
TechCrunch жаңа мүмкіндіктің Android-қа қосылуының себебі, дамушы елдердің басым көпшілігі осы операциялық жүйені пайдаланады деп жазады. Instagram алдағы уақытта бұл функцияны iOS жүйесіне де қосуды қарастырып жатыр.
Қазіргі уақытта «Инстаграм» желісін 600 млн адам қолданады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады