|
Елбасы қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтты
|
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу кезінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтты. Елбасы мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды. Қазақстан президенті жастардың діни сауатының төмен болып отырғанына назар салды. "Білімінің аздығынан жастарымыз балағын кесіп, сақал қойып жатыр. Толықтай тұмшаланып алатын қазақ қыздарының қатары көбейіп барады. Бұл біздің дәстүрге сай келмейді. Бұған заңнамалық тұрғыда тыйым салу мәселесін қарастыру керек. Қазақтар қайғылы жағдайда ғана қара жамылған", - дейді Елбасы. Қазақстан президенті қазақ мәдениеті мен дәстүрінде қазақ әйелдері қалай киінгені туралы сөз етіп, қара киім мен дін арасында байланыс жоғын айтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды