Жаһандық жылынудан адамдардың ұйқысы қысқарады
Жаһандық жылынудан адамдардың ұйқысы қысқарады
2 жыл бұрын 1195 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. © Han Jae-Ho / Reuters

Ғалымдардың мәлімдеуінше,  антропогендік жаһандық жылынудан қоршаған ортадағы ауа температурасының көтерілуі өз кезегінде күллі әлем бойынша адамдардың ұйқысына кері әсерін тигізеді, дәлірегі, ұйқыны кемітеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған One Earth мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті мамандар бұл тарапта Антарктиканы есептемегенде барлық құрлық бойынша 68 елдің 47 мыңнан аса адамның ұйқысын қадағалаған екен арнайы білезік арқылы. Ғалымдардың пайымдауынша, 2099 жылға қарай оңтайлы деңгейден сәл жоғары температура  жылына 50-ден 58 сағатқа дейін адам ұйқысының уақытын қысқартады. 2010 жылан бастап ұйқы ұзақтығы жыл сайын шамамен 44 сағатқа қысқарады. Сонымен қатар, температураның ұйқы сапасына кері әсері табысы төмен елдердің адамдарында, сондай-ақ, қарт адамдар мен әйелдерде айтарлықтай жоғары болмақ. Аптап ыстық орнаған тәуліктің күндізгі мезгілі өлім-жітімді және төсекке таңылатын науқастар қарасын арттырады, бұдан бөлек, адамның еңбекке деген ынта-ықыласын, яғни, қабілетін кемітеді. Десе де мұның биологиялық және механикалық тетіктері әлі күнге толық зерделенген жоқ.

Прогнозируемые избыточные потери сна в зависимости от сценариев изменения климата / © One Earth

0 пікір
Мұрағат