Жаһандық жылынуды бәсеңдету үшін күн көзін көлегейлеу ауқымды апатқа ұрындырады – ғалымдар
Жаһандық жылынуды бәсеңдету үшін күн көзін көлегейлеу ауқымды апатқа ұрындырады – ғалымдар
8 ай бұрын 565 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cоңғы жылдары жаһандық жылыну қарқынын тежеу үшін күн көзін көлегейлеу туралы бастама жиі көтерілетін болып жүр. Дәлірегі, күн геоинженериясын қолдана отырып, күн сәулесін жасанды жолмен азайту тәсілі сөз болуда. Алайда, сарапшылардың кейбірі мұндай әдістің арты жақсылықпен аяқталмайтынын алға тартуда. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде Оңтүстік Азия мен Африка құрлығының батысында муссондық жауын-шашынның ықтимал азаюынан бидай түсімі төмендеп, миллиондаған адамдар азық-түлік тапшылығын тартуы мүмкін. Тағы бір мәселе – озон қабатын қалпына келтіру. Күн геоинженерлік әдістерінің бірі жарықты ғарышқа қайтару үшін стратосфераға аэрозолді, соның ішінде күкірт бөлшектерін бүркуді қамтиды. Алайда, мұндай процесс жерді зиянды ультракүлгін сәуледен қорғайтын озон қабатының регенерациялық қабілетін кемітуі мүмкін. Сонымен қатар, күкіртті ұдайы бүрку қажеттілігі пайда болады, өйткені, егер ол тоқтаса, планетаның беті тез қызып, тіршілік атаулыға, шаруашылыққа орасан зор залал келтіреді. Ең оңтайлысы немесе ұтымдысы – атмосфераға бөлінетін көміртекті мейлінше азайту. Ол үшін өнеркәсіпте көмірқышқыл газын сүзетін (аулайтын) немесе сіңіретін жобаларға басымдық берілуі тиіс.

Ұқсас материалдар:

«Жерді салқындатудың тағы бір тәсілі қарастырылуда» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jerdi-salqyndatudyn-tagy-bir-tasili-qarastyryluda-18455/#gsc.tab=0);

«Жерді салқындату үшін атмосфераға күкірт шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdi-salqyndatu-ushin-atmosferaga-kukirt-shygaryldy-video-17942/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылықпен күресудің тың тәсілі – күн көзін көлегейлеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qurgaqshylyqpen-kuresudin-tyn-tasili-kun-kozin-kolegeileu-15661/#gsc.tab=0);

«2019 жылы жерді салқындату тәжірибесі қолға алынады жаһандық жылынуға қарсы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/2019-jyly-jerdi-salqyndatu-tajiribesi-qolga-alynady-jahandyq-jylynuga-qarsy-11126/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынудың бетін қайтарудың тағы бір тәсілі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-jylynudyn-betin-qaitarudyn-tagy-bir-tasili-aityldy-15667/#gsc.tab=0);

«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0);

«Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0);

«Күн көзінен, дәлірегі, ультркүлгін сәуледен қандай ағаштың жақсы қорғайтыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-kozinen-daliregi-ultrkulgin-sauleden-qandai-agashtyn-jaqsy-qorgaityny-belgili-boldy-14196/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынумен табиғаттың өзі күреседі – бұлтты ағартатын орман» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jahandyq-jylynumen-tabigattyn-ozi-kuresedi-bultty-agartatyn-orman-15825/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат