Әлемде қанша құс бары белгілі болды
Әлемде қанша құс бары белгілі болды
3 жыл бұрын 5510 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ғалымдар анықтағандай, әлемде әр адамға шамамен 6 құстан келеді екен. Соның ішінде пингвин секілді ұша алмайтын құстарды қоса алғанда. Бұл жайында islam.kz порталы SciTechDaily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізген Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэлс университеті ғалымдарының есебінше, бүгінде әлем бойынша шамамен 50 млрд жабайы құс бар. Яғни, қауырсын жүнді құстардың қарасы 8 млрд-қа жақындаған адамзат санына шаққанда алты есе көп болып шықты. Австралиялық ғалымдар тобы орнитологтарға және әуесқойларға нақты уақыт аралығында (режимде) құстар туралы жан-жақты мәлімет ұсынатын eBird онлаин базасында тіркелген деректерді, дәлірегі, бір миллиардқа жуық деректі біріктіріп зерделеген екен. Аталған базаның 600 мыңнан аса пайдаланушы 2010-2019 жылдар аралығында құстарды бақылаған болып шықты – қандай құс қай өңірде кездескені тіркеліп отырған. Осы таспаға тартылған жазбаларды пайдаланған ғалымдар бүгінде 92 мыңнан аса құстың түрі барын анықтап білген. Олардың 8 пайызы – табиғатта өте сирек кездесетін түрлерінен тұрады. Тек құстың төрт түрінің саны ғана бір миллиардтан асады: үй қарғасы, кәдімгі сауысқан, делавэр шағаласы және қарлығаш. Құстардың 1180 түрінің саны 5 мыңнан аспайтындықтан оларға қорғауға мұқтаж. Бұрын айтып өткеніміздей, еліміздегі құстардың көші-қон маршрутына ж Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар салдарынан 150 құс түрі жойылу алдында тұрғанын хабарлаған болатынбыз. Қараңыз: «Елімізде құстардың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/elimizde-qustardyn-150-turi-joiylyp-ketui-mumkin-14703/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат