Мамандар құстардың азайып бара жатқанын айтып, дабыл қақты
Мамандар құстардың азайып бара жатқанын айтып, дабыл қақты
3 жыл бұрын 3664 aikyn.kz Нұрбек Бақыт

Шығыс Қазақстанда орнитолог мамандар құстар азайып бара жатыр деп дабыл қағып отыр, – деп жазады 24.kz.   

Олардың зерттеуінше, аймақта құстың 19 түрі жойылып кеткен. Мамандар бұған өнеркәсіптің қарыштап дамуы ықпал етіп отыр, деп санайды.

Орнитолог ғалым Борис Щербаковтың айтуынша, өлкеде құстың 19 түрі жоғалып кеткен.

«Әрине, келіп қосылып жатқан құстар да бар, бірақ олар аз. Сондықтан құстар азайып келе жатыр деуге негіз бар. Атап айтқанда, торғай, тоқылдақ, жапалақтар жоқтың қасы. Шымшық пен қарға көбейіп келе жатыр, бірақ өлкеге тән бозторғайлар тіпті көрінбейді», – дейді.

Алайда, Қатонқарағай мемлекетік ұлттық саябағында құс түрі көбейген. Жиырма жылдық тарихы бар парк алғашқы бес жылдықта барлық аң-құстың есебін жүргізген екен. Сол кезде 278 құс түрі болса, қазір 281-ге жетіпті. Соның 21-і Қызыл кітапқа енген.

«Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ бас директорының орынбасары Раушан Қырықбаева: «Біз Қызыл кітапқа енген жануар түрлерін ерекше бақылауға аламыз. Әрбір қыс көктем сайын олардың да есебі жүргізіледі. Мысалы, құстарға ұя орнатып қоямыз, яғни жасанды платформа ұйымдастырамыз. Соңынан соның нәтижесін тексеріп зерттеп, өзгерістерді бақылаймыз», – дейді.

0 пікір
Мұрағат