Жәндіктер азайып барады
Жәндіктер азайып барады
2 жыл бұрын 3201 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің кей түкпірінде жәндіктер жаһандық жылыну әрі ауыл шаруашылық қарқынының артуынан екі есе кеміп кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лос-Анджелес қаасындағы Калифорния университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Ауыл шаруашылығы үшін тың өлкелерді игеру, орман-тоғайды отаудан жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы тарылып барады. Бұл тенденция жәндіктерге де тән болып отыр. Америкалық ғалымдар бұл тарапта әлемнің әр түкпірінен 6 мың ауданынан жиналған деректер мен 20 мың жәндік түрінің саны туралы мәліметтерді сараптаған екен. Азаюға ұшыраған жәндіктер арасында адамзатқа белгілі аралар, құмырсқалар, көбелектер, шегірткелер, т.б. бар. Жаһандық жылыну қарқын әрі ауыл шаруашылығы белсенді қолға алынған аймақтарда жәндіктер популяциясы 49%-ға зайып кеткен. Ал жәндік түрлері бойынша олардың 27%-ы жойылып кеткен. Бұл мәліметтер адам аяғы тимеген немесе адам сирек баратын, яғни, табиғат тұмса күйінде сақталған жәндіктер популяциясымен салыстырыла отырып алынды.

Ұқсас материалдар:

«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0);

«Жәндіктердің 40 пайызы жойылып кетті, енді тағы үштен бірі қырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jandikterdin-40-paiyzy-joiylyp-ketti-endi-tagy-ushten-biri-qyrylady-13177/#gsc.tab=0);

«Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-aralar-qandai-temperaturada-qansha-qashyqtyqqa-usha-alady-15746/#gsc.tab=0);

«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат