Аптасына қанша сағат жұмыс істеу тиімді – зерттеу
Аптасына қанша сағат жұмыс істеу тиімді – зерттеу
2 жыл бұрын 1468 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің әр елінен ғалымдар аптасына қанша уақыт жұмыс істеу керектігін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы түрлі зерттеуден компиляция (қорытынды, тұжырым) жасаған The List мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай зерттеуге соңғы жылдары аптасына жұмыс уақытын қысқартуға қатысты жиі көтеріліп жүрген бастамалар ықпал еткен. Ғалымдар тәулігіне 8 сағаттан аса жұмыс істеудің денсаулыққа зиян екенін анықтап отыр. Бұл бағытта әлемге әйгілі әрі аса беделді Стэнфорд университеті де өз зерттеуін жүргізіп мынадай тұжырымға келген: аптасына 50 сағат жұмыстан кейін адамның еңбек өнімділігі төмендейді, ал бұл меже 55 сағатқа жетсе, еңбек өнімділігі нөлдік деңгейге түседі. Ғалымдардың айтуынша, еңбекқорлығына қарамастан аптасына стандартты 40 сағаттан кейін адамның қабілеті кеми береді. Австралияның ұлттық жоғарғы оқу орнының мамандары аптасына ең қолайлы жұмыс уақытын атады – 39 сағат. Бұл межеден артық жұмыс істеген  адамның алдымен пихикасы зардап шегеді, мұның арты күйзеліске апарып соқтыруы мүмкін. Дәлірегі, осы межеден кейін адамның күйзеліске ұрыну қатері 100 пайызға артады. Ал ұзақ мерзімді болашақта инсульт, сусамыр, тіпті, қатерлі ісік секілді емі қиын ауруларға шалдықтыруы әбден мүмкін. Еңбек өнімділігі туралы кітаптардың авторы Алекс Пэнгтің айтуынша, бір қалыпты жұмысты бірнеше сағат бойы атқаруға болады, ол аса бір ми белсенділігін қажет етпейді. Алайда, интеллектіні қажет ететін іспен айналысқанда, оның максималды тиімділігі – тәулігіне  4-5 сағат. Адам миы алғашқы 52 минутта қана мейлінше тиімді, содан соң 17 минут үзіліс жасауы тиіс. Бұл ой еңбегімен айналысатындарға ортақ қағидаға айналуы керек, деп есептейді аты аталған ғалым. Ал  PsychCentral сарапшылары үзіліс кезінде қосымша жұмыстан бас тарта тұруға кеңес береді. Жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау арқылы еңбек өнімділігін, денсаулықты сақтауға болатынын алға тартады. Әйтпесе адамның жұмысқа деген ынтасы мен зейіні төмендеп қана қоймай, сонымен қатар, алдымен психикасы, ас қорыту жүйесі зардап шеге бастайды. 

Ұқсас материалдар:

"Араб елі әлемде алғашқы болып жұмыс күнін қысқартты" (https://islam.kz/kk/news/alem/arab-eli-alemde-algashqy-bolyp-jumys-kunin-qysqartty-16143/#gsc.tab=0);

"Қызметкер өзі қаласа, аптасына 4 күндік жұмыс кестесіне ауыса алады" (https://islam.kz/kk/news/alem/qyzmetker-ozi-qalasa-aptasyna-4-kundik-jumys-kestesine-auysa-alady-16430/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат