Токио университетінің студенттері адамның әуеге қарғуына мүмкіндік беретін ерекше рюкзак ойлап тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Mashable-ге сілтеме жасап.
|
Жапон өнептапқыштары ұшатын рюкзак жасап шығарды (видео)
|
Lunavity рюкзагы энтузиасттардың гравитациямен күрес құралы іспетті.
Құрастырушылардың айтуынша, рюкзакты пайдаланушылар жерден серпін арқылы көтеріліп, Айда жүргендей күй кешеді.
Аппарат 10 бұрамадан құралған. Ол датчиктерден белгі алған уақытта жұмыс істей бастайды. Датчиктер өз кезегінде рюкзак иесінің аяғындағы қозғалысқа қарай әрекет етеді. Адам аяқ буындарын бүгіп, қайтадан жазған уақытта Lunavity оны жоғары қарай көтереді.
Өнертапқыштар атап өткендей, бұл құрылғы адамдардың өзі секіргенінен үш есе жоғары секіруге мүмкіндік береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандағы жасанды жаңбыр ойлағандай болмай шықты
■
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
■
Ғалымдар сілекей арқылы тісті қалпына келтіру жолын тапты
■
Биыл екі мұсылман елі арасындағы халал сауда деңгейі 29 млрд доллардан асады
■
Түркі елі халал стандартының бірыңғай тәртібін бекітеді