Moonwalkers X робот аяқ киімдері үш есе жылдам жүруге мүмкіндік береді (видео)
Moonwalkers X робот аяқ киімдері үш есе жылдам жүруге мүмкіндік береді (видео)
4 ай бұрын 1015 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Shift Robotics инженерлік компаниясы негізгі өнімі Moonwalkers X мотокебісінің жетілдірілген нұсқасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам қозғалысын үш есеге арттыратын роботты аяқ киім ең алдымен лоистика мен дистрибуция саласында пайдалы. Дәлірегі, қоймалар арасында күніне шамамен 30 мың қадам жасайтын немесе адымдайтын қызметкерлерге тиімді. Бұл аяқ киімнің дизайны, яғни, құрылымы жағынан доңғалақты конькиге ұқсайды. Өзгеше аяқ киім магний қорытпасынан жасалған жақтауға негізделген, 6 амортизатормен жабдықталған және салмағы небәрі 450 грамм. Moonwalkers X аяқ киімі Shift стендісінде CES 2024 көрмесінде көрсетіледі, мұнда техникалық мәліметтер мен бағалары  да белгілі болмақ. Шектеулі мөлшерде шығарылатын алғашқы топтамасы 2024 жылдың шілде айында саудаға шығарылады.

0 пікір
Мұрағат