Шаш өсіретін әрі саз тыңдауға арналған құлаққап пайда болды (фото+видео)
Шаш өсіретін әрі саз тыңдауға арналған құлаққап пайда болды (фото+видео)
11 ай бұрын 1230 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Екі қоянды бір оқпен атуға алуға мүмкіндік беретін ерекше құлаққап жасалды. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Төбе шашы сұйылып, селдіреп, тазға айнала бастаған еркек 16 апта бойы тастамай киген екен – нәтижесін (төмендегі фото-видеода) көрген жан еріксіз таңқалады. Америкалық CurrentBody компаниясы шаш өсіретін әлемдегі алғашқы құлаққапты жұртшылық назарына ұсынды.  CurrentBody Skin LED құрылғысының бүйірінде құлақ жастықшалары - динамиктер бар, олар үстіңгі жағында күрделі құрылыммен біріктірілген. Дулыға тәрізді құлаққап шаштың біркелкі өсуін қамтамасыз етеді. Басты терлеуден сақтау үшін желдету саңылаулары қарастырылған. Құрылғы корпусының ішкі жағында бас терісін жарық түсіретін 120 жарықдиодты шам бар. Төмен деңгейлі жарық терапиясының арқасында шаш фолликулалары «оянады» және белсендірек жұмыс істей бастайды. Гарнитура таздықтан құтқарып қоймай, сонымен қатар, жұқарған шашты нығайтады. Құрылғы FDA сарапшылары тарапынан мақұлданып, сертификатқа ие болды. Яғни, денсаулыққа қауіпсіз. Құрастырушы компания өкілдері бас терісіндегі өзгерістерді көру үшін күніне 10 минут бойы 16 апта қатарынан музыка тыңдау керек екенін жеткізді. Құлаққап Bluetooth арқылы қосылады. Оны USB-C кабелімен зарядтауға болады. CurrentBody Skin LED шамы АҚШ-та қазірдің өзінде сатылуда. Бастың өлшеміне байланысты гарнитуралардың өлшемін таңдауға болады. Бағасы - 859 доллар

Этот мужчина носил наушники, и вот что стало с его головой. Фото: CurrentBody

0 пікір
Мұрағат