Сыңарынан айырылған әйелдерге қарағанда ерлер терең қасірет шегетін болып шықты
Сыңарынан айырылған әйелдерге қарағанда ерлер терең қасірет шегетін болып шықты
2 жыл бұрын 1874 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ажырасқан немесе зайыбы қайтыс болған ерлер осындай жағдайға тап болған әйелдерге қарағанда әлдеқайда терең қасірет шегетін болып шықты. Британдық және швейцарлық психологтер 184 адамның онлайн платформадағы аноним жазбаларды сараптай келе осындай тұжырымға келген. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, тығырықтан шығу үшін ерлер әйелдерге қарағанда онлайн режимде жиі көмек немесе кеңес сұрайтын болып шықты. Алайда, ерлер әйелдерге қарағанда психологтың көмегіне немесе кеңесіне аз жүгінеді. Психологтың көмегіне жүгіну арқылы әйелдер жұбайлық өмірге қатысты проблеманы тезірек ұмытуға тырысады. Дегенмен ерлер өзінің жанына батқан қасіреттің түп-төркінін ашудан гөрі шағымдануға немесе басындағы күйді біреумен бөлісуге құмбыл тұрады.

0 пікір
Мұрағат