Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
1 ай бұрын 913 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар тәуліктің ең қауіпті мезгіліне түнгі уақытта жатқызып отыр. Соның ішінде таң алдындағы уақыт, дәлірегі, таңғы бес пен алтының арасы адам үшін ең қауіпті шақ, деп есептейді. Бұл жайында islam.kz порталы New York Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бес пен алтының арасындағы 60 минут адам организімінде ағзалардың жұмысы нашарлайды, бұл аралықта тек денсаулық қана емес, сонымен қатар, адамның көңілі де құлазитынын алға тартып отыр. Мичиган университетінің және Дартмут медициналық институтының ғалымдары тас қараңғылық орнайтын таң алдындағы 60 минутта адамдардың көңіл күйі күрт төмендеп кетететінін анықтады. Аталмыш зерттеу жетекшісі, Dartmouth Health писхиатры Бенджамин Шапиро адамның қалай ұйқтағанына қарамастан көңіл-күйдің де табиғи циклдері болатынын атап өтті. Дәлірегі, таңертең адамның көңіл күйі төмен болғанымен күн ұзарған сайын көтерілетін болып шықты. Ғалымдар адамның көңіл-күйі белгілі бір ырғаққа бағынатынын атап өтті, яғни, көңіл-күй организмнің  ішкі биологиялық сағатына байланысты ырғаққа бағынады. Бұл тараптағы зерттеуге атсалысқан Массачусет университетіне қарасты медициналық мектептің оқытушысы Дэнни Форгер ұйқысы шала адамның көңіл күйі төмен болатынын, яғни, ұйқының адамның психикасына сөзсіз әсері болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат