Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді
1 ай бұрын 749 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының жіктемесіне сәйкес Түркия қарттары көп елдер қатарын толықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы Trend.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ел тарихында тұңғыш рет Түркия халқының жалпы санына (85 миллион) шаққанда 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі екі таңбалы санға (10,2 пайыз) жетіп, 8 722 806 адамды құрады. БҰҰ-ның жіктеу шкаласы бойынша халқының 10 пайыздан астамы 60 жастан асқан елдер демографиялық тұрғыдан «қарт» елдер болып саналады. Демографтардың дерегінше, егер халық санының өсу қарқыны төмен болса, Түркияның қарт тұрғындарының үлесі ел азаматтарының жалпы санына шаққанда 2030 жылға қарай 12,9 пайызға, 2040 жылға таман 16,3 пайызға және 2060 жылға дейін 22,6 пайызға жетеді.

0 пікір
Мұрағат