Адам ұрықсыз жолмен пайда бола ала ма (партеногенез)
Адам ұрықсыз жолмен пайда бола ала ма (партеногенез)
2 жыл бұрын 3272 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда әйел организімінде аса күшті патологиялық құбылыс орын алады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар талай жайтқа куә болғанын да айта кетпекпіз. Жойылу алдында тұрған жануарлардың шағылыспай ұрпақ өрбіте алатын қабілеті (партеногенез) турасында сөз болып отыр бұл арада. Мәселен, 2016 жылы тарғыл акула аквариумде ұрпақ өрбіткен. Бұдан бөлек, калифорниялық кондор (табиғатта өте сирек кездесетін алып құс) осындай жолмен жұмрытқалаған. Жыланның бойынан да осындай ерекше қабілет байқалған. Ал адамда ше?!... 1995 жылы Ұлыбритания генетиктері адамнан да ішінара партеногенездің белгілерін байқаға болатын. Шарананың кейбір жасушаларында әкесінің ДНҚ-сы мүлде болмаған, анасының ДНҚ-сы ғана байқалған.  Әлемге әйгілі Кембридж университетінің дәрігері Әзім Сурани әйелдің аналық жасушасының партеногенез арқылы ұрыққа айналатынын алға тартқан еді, алайда, ол толыққанды шаранаға айналмайды. Өйткені, оның қаңқасы мен терісі үшін әкесінің ДНҚ-сы болуы тиіс. Ақыр түбінде мұндай жолмен пайда болған ұрық ісікке айналады.

0 пікір
Мұрағат