Құрметті президент, салафизмге заңмен тыйым салыңыз!..
Құрметті президент, салафизмге заңмен тыйым салыңыз!..
2 жыл бұрын 5706 kznews.kz

Қазақстан Республикасы Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа үндеу

Президент мырза!

Таяуда болған қайғылы жағдайларға байланысты, өз елінің тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтар ретінде , біздің ойымызша еліміздің дамуына оң әсер етіп, қауіпсіздігін нығайтуға септігін тигізе алатын ұсыныспен сізге үндеу жасап отырмыз.

Бәріміз білетіндей, бүкіл Қазақстан, әсіресе Алматыда өткен оқиғаларда лаңкестер мен бүлікшілер жалпы айтқанда қылмыскерлер, мемлекетімізге экономикалық, әлеуметтік, ең бастысы – гуманитарлық нұқсан келтірді.Бұл бүлікке әртүрлі деструктивті күштер қосылды және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында атап өткеніңіздей діни радикалдар бой көрсетті. Қазақстанға діни экстремизм мен терроризм қаупі әлі де төніп тұрғаны, және болашақта сондай қылмыс жасаудың ықтималдығын төмендету үшін бұл қылмыстық құбылыстардың себептерімен алдын ала күресу керектігі тағы анық болды. Әрине, бүгінгі болмысымызды ескере отырып, біз бірінші кезекте «исламистік» деп аталатын радикалдар туралы сөз қозғап жатырмыз.

Қазіргі уақытта мұсылмандарды дерадикализациялау міндетін мемлекет «Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы» (ҚМБД) деген діни бірлестікке жүктеді, бірақ іс жүзінде радикалдар, «байсалды» діндар адамның бетпердесін жамылып, ҚМБД жүйесінде әрі бұл ұйымның атынан қызмет атқарады, сондай-ақ өздеріне шенеунік, саяси қайраткер мен мемлекет қызметкерлерінің арасынан жақтас немесе қолдаушыларды тауып алады. Соңғысы, асылында, мемлекеттің ҚМБД-мен өзара ықпалдастығында болып жатыр, себебі, ҚМБД мемлекеттік мекемелерінің қабырғаларында уағыз айтып, діни әдебиеттің мемлекеттік (!) сараптамасына ықпал жасай алады, оған қоса мемлекет өз кезегінде ҚМДБ-ға өзінің кейбір өкілеттіктерін береді. Мәселен, дерадикализация бойынша жұмысты діни бірлестіктер емес, мемлекеттің өзі атқаруы керек. Осылайша, радикалды діни насихатшылар мемлекеттік қызметкерлермен байланыс арналарын жақсы орнатты. Зайырлылық қағидаты болса, діннің мемлекет істеріне араласпауды және керісіншені талап етеді. Біздің пікірімізше, дәп осы «араласпаушылық» қағидатын аксиомадай қатты ұстану керек. Бұл радикалдардың мемлекетке деген ықпалын және мемлекеттік қызметкерлердің радикалдармен қосылмай, яғни, ол факторды азайтуға көмектеседі.

Әйтпесе, біз тиімсіз жұмыс, төмен нәтижелер мен мемлекеттік бюджеттен бос шығындарды көріп жатырмыз, ал ең бастысы, бұндай көрінеу сәтсіз жұмыс қайғылы салдарға апарады. Бұл кесірлі шеңберді үзу керек. Зайырлылыққа деген бет алушылық зайырлылық қағидаттарын ағарту мақсаттарында қолдануды қамтиды. Өйткені, дәп осы ағартудың жоқтығы, яғни зұлмат, кертартпалық адамдарды радикализмге итермелейді.

Зайырлылық қағидаттарын толықтай іске асыру мақсатында әуелі «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның кіріспесіндегі «ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін» тану туралы сөздерді алып тастау керек. Біз қоғамда лаицизм процесін күшейте жүргізуді ұсынамыз, біздің ұсынысымызды қабылдайсыз деп үміттенеміз!

Сізге деген құрметпен бір топ теолог-дінтанушылар

Дереккөзі: kznews.kz

0 пікір
Мұрағат