Ағзаға зиян тағам түрлері
Ағзаға зиян тағам түрлері
9 жыл бұрын 62041 Baq.kz

Жуырда АҚШ ғалымдары болашақ ұрпақ үшін ең зиянды тағамды анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында белгілі болғандай, балаларға жедел даярланатын тағамдар, соның ішінде қуырылған тауық, картофель фри, чизбургер, чипстер және басқа да осы тектес тағамдар өте зиянды екені анықталды. Мамандар оған қоса құрамында тәттілігі жоғары кәмпит, шоколадтарды да балаларға мөлшермен беру керек екенін айтады.

Ендеше бүгін сіздерге арзан әрі ағзаға зиянды азық-түліктердің тізімін ұсынамыз:

Дайын картоп езбесі, смузи және т.б.
Әрине, дайын картоп езбесі, «смузилерде» және одан да басқа сұйық тағамдарда бір қарағанда ешқандай зиян нәрсе байқай алмайсыз. Алайда, бұл тағамдарды да жиі пайдалану асқазанды түрлі ауруларға шалдықтырады.

Ет консервлері мен шұжықтар
Ең зиянды тағамдардың тізімін жасап жатқанда кез-келген консервленген тағамдар мен шұжықты атап өтпеу мүмкін емес. Бұл тағамдар да сырт көзге аса зиянды болып көрінбейді… Алайда, сіз супермаркеттен сатып алған шұжығыңыз неден жасалғандығын нақты білесіз бе? Құрамында не бар? Көбіне консервлер мен шұжықтарда түрлі консерванттар мен дәмдеуіштер, бояуыштар сынды өзге де түрлі заттар мөлшерінен тыс көп болады.

Маргарин, тәтті тоқаштар
Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады. Сондықтан, маргарин қосылған тағамдардың барлығы зиянды. Көшеден сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда семіздіктен құтылу мүмкін емес.

Кофе мен энергетикалық сусындар
Ересек азаматқа күніне екі шынаяқ кофеден артық ішуге болмайды. Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына жиі алып келеді. Ал, энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек қант, бояуыш, химия және газдар бар.

Жылдам дайын болатын сорпалар
Жылдам дайын болатын сорпалар (дайын сорпалар) да адамның ағзасына өте зиян. Өйткені, олардың құрамында тұз бен дәмдеуіштер шамадан тыс көп болады. Оларды айына бір рет пайдаланғаннан ешқандай зияны бола қоймайды, алайда, жиі жеуге тыйым салынады, әсіресе, балаларға өте зиянды.

Йогурт пен балмұздақ
Біздің ойымызша, йогурт сүттен жасалғандықтан адам ағзасына пайдасы үлкен деп есептейміз. Бірақ олай емес. Йогурттың құрамы реттеуіш, қоюландырғыш, иістеуіш сынды қоспаларға өте бай. Балалар сүйіп жейтін балмұздақтың да зияны көп. Балмұздақ ағзадағы зат алмасуды баяулататын күшке ие.

0 пікір
Мұрағат