Биологиялық қартаюдың бірнеше түрі болатыны анықталды
Биологиялық қартаюдың бірнеше түрі болатыны анықталды
5 ай бұрын 815 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Стэнфорд университетінің медицина мектебінің генетиктері биологиялық қартаюдың төрт түрін (моделдерін) анықтады. Олар: метаболикалық, иммундық, нефротикалық және бауырлық (гепатиттік). Бұл жайында islam.kz порталы The Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар адам организіміндегі ағзалардың барлығы бірдей жылдамдықпен қартаймайды. Дәлірегі, зерттеушілер организмнің қай жерінен бастап тозатынына байланысты қартаюдың төрт түрін анықтады: иммундық жүйе, бауыр, зат алмасу және бүйрек. Қартаюдың иммундық түрі ағзадағы қабыну маркерлерінің жоғарылауымен сипатталады, яғни,  зиянды патогенді және улы қосылыстармен күресу әрекеттерін көрсетеді. Қартаюдың бұл түріне ұшыраған адамдарға аутоиммундық аурулардың жоғары қаупі төнеді. Ал организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуына байланысты орын алатын қартаюда сусамыр, семіздік және жүрек ақауы секілді аурулардың даму ықтималдығы артады. Бауыр түріне келсек, бауыр ауруын және осы ағза қызметінің нашарлауын көрсетеді - цирроздың қаупі артады. Нефротикалық түрі бүйрек қызметінің бұзылуымен сипатталады. Қартаюдың бұл түрінде адамдар бүйрек жеткіліксіздігі және пиелонефриттен зардап шегеді.

0 пікір
Мұрағат