Болашақта адамға доңыздың жүрегі салынуы мүмкін
Болашақта адамға доңыздың жүрегі салынуы мүмкін
8 жыл бұрын 4162

Америкалықтардың ұлттық денсаулық институтының ғалымдары адамға доңыз жүрегі салынуы мүмкін екенін мәлімдеді. Болашақта. Ғалымдар 10 жыл бойы приматтарға жүргізген тәжірибе негізінде осындай мәлімдеме жасады. Талай жыл маймылдың жүрегі донор баламасы ретінде зерттеліп келген еді. Алайда, ғалымдар приматтардың жүрек бұлшық етінің адамдікіне қарағанда әлсіз болып келетініне көз жеткізген. Яғни, қанды толықтай айдауға шамасы жетпеген. Осыдан кейін доңыздың жүрегі зерттеу обьектісіне айналған. Мұқият жүргізілген зерттеу жұмыстары мен анализ доңыз жүрегінің адамдікіне ұқсас екенін көрсетіп берген. Нақты нәтижесін көру үшін арнайы өсірілген доңыз жүрегі маймылға салынған. Алайда, бұл тәжірибе сәтсіз аяқталды. Примат ағзасы жатсынып, донорға бейімделе алмады. Ғалымдар маймылдың иммунитетін басатын дәрі берген соң ғана қалыпқа келген. Доңыздың ағзасына бойы үйренген маймыл үш жыл өмір сүрген. Ғалымдар ендігі кезекте доңыздың жүрегін адамға салуды қарастырып жатыр. 

1 пікір
Мұрағат