Cу астында хабарлама жіберуге болатын мессенджер жасалды (видео)
Cу астында хабарлама жіберуге болатын мессенджер жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1328 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Бейне: UW Networks & Mobile Systems Lab

Программистер су астынан хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін қолданба әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы dl.acm.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уашингтон университетінің ғалымдары сүңгуірлердің су астында хабар алмасуына арналған қосымша әзірледі. AquaApp смартфонда жұмыс істейді және смарт сағаттармен де үйлеседі. Кәсіби сүңгуірлер ым-ишара арқылы тілдесіп, түсінісе алады. Мұндай сигналдардың жалпы саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін. Мұндай сигналдар, мысалы, саяхат бағытын айту немесе резервуарда қанша ауа қалғанын білу үшін қолданылады. Су астында Bluetooth және WiFi сигналының таралуы қиын болғандықтан, қолданба динамик шығаратын және микрофон қабылдайтын акустикалық толқындарды пайдаланады. Сонымен бірге, зерттеушілер құрылғыда жұмыс істейтін және келген ақпаратты шу мен бұрмалаудан жылдам тазартатын алгоритм әзірледі. Нақты хабарларды жөнелтпес бұрын баптау (настройка) мақсатында алдымен AquaApp арнайы «преамбула» код сигналын жіберіп көреді. Бұл сигналды қабылдаған екінші құрылғы шу мен бұрмаланудың ағымдағы деңгейін анықтайды және осы деректерді ескере отырып, барлық кейінгі сигналдарды өңдейді. Ғалымдар қолданбаны судағы түрлі жағдайда, соның ішінде күшті ағыстарда, жүзушілер мен белсенді кеме қозғалысы кезінде сынақтан өткізді. Нәтижесінде қолданба 30 м-ге дейінгі тереңдікте жақсы жұмыс істейтінін көрсетті, сигнал су тереңдеген сайын бұрмалануы мүмкін, соған өарамастан SOS сигналын (апат сигналын) 100 м тереңдікке дейін жіберуге болады.

0 пікір
Мұрағат