Оралдық студент адам ойын оқитын құрылғы ойлап тапты. Әмір Қами есімді студент ойлап шығарған «Нейроскай» құрылғысы мидағы сигналды қабылдап, компьютерге бағыттайды.
|
Елімізде адам ойын оқитын құрылғы жасалды
|
24.kz арнасының мәліметінше, ондағы белгілер арқылы осы адамның не ойлағанын білуге болады.
«Арнайы бағдарламаны меңгеру үстіндеміз. Бұл бізге болашақта тіпті адамның ойын оқуға мүмкіндік береді. Болашақта осы технологиялар, мысалы, мұғалім сабақ бергенде оқушының тыңдап-тыңдамайтындығын көріп біле алады», - дейді жоба авторы, студенттік конструкторлық бюроның мүшесі Әмір Қами.
Болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған жас өнертапқыш Әмір бүгінде Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде білім алып жатыр. Университетте Әмір секілді 12 мыңдай студент оқиды. Олардың бірқатар IT жобасы биыл EXPO 2017 көрмесіне қатыспақшы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Бірер жылдан соң күн негізгі электр энергиясының көзіне айналады
■
Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
■
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер
■
Қазақстанда интернет арқылы антибиотик сатуға тыйым салынбақ