Энергия өндіретін айрықша құрылғы жасалды (видео)
Энергия өндіретін айрықша құрылғы жасалды (видео)
2 ай бұрын 904 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Minesto компаниясы таяуда баламалы энергетика саласында болашағы зор жобаны жүзеге асырды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның 1,20 МВт Dragon 12 су асты энергетикалық комбайны жұмыс істеп қана қоймай, сонымен қатар, Фарер аралдарының электр желісіне қуат бере бастады. Қолданыстағы жобалардан айырмашылығы - аталмыш компания әдеттегіден бөлек, яғни, қалыптан тыс тәсілді қолданды, соның нәтижесінде тиімді жоба пайда болған. Сырттай қарағанда бұл қондырғы әскери ұшқышсыз ұшу аппаратына немесе батпырауыққа ұқсайды. Ол толқындардың қуатын пайдалану арқылы жұмыс істейді. Осының арқасында Dragon 12 су асты ағындардың жылдамдығынан асатын жылдамдықпен қозғалады - жел батпырауыққа қалай әсер етсе, ағындар да оған солай әсер етеді. Қондырғының салмағы  - 28 тонна, қанаты - 12 метр. Орнату орнына жеткізу алдында оны толығымен бөлшектеу керек. Ал орнату жұмыстары көп күш-жігерді қажет етпейді - салыстырмалы түрде шағын қайық пен мықты өрілген арқан жеткілікті. Іске қосу кезінде 1 МВт энергияның құны 108 долларды құрағанымен алғашқы 100 МВт қуаты желіге жеткізілгеннен кейін құны 54 долларға дейін төмендейді.

0 пікір
Мұрағат