Жеміс-жидек пен көкөніс инновациясы: биыл испандық селекционерлердің өнімі «топ жарды»
Жеміс-жидек пен көкөніс инновациясы: биыл испандық селекционерлердің өнімі «топ жарды»
3 ай бұрын 836 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Берлин қаласында өткен аса ірі халықаралық Fruit Logistica-2024 жміс-жидек пен көкөніс көрмесінде испандардың Unica Fresh компаниясының Zucchiolo (асқабақ тұқымдасына жататын кәді көкөнісі) көкөнісінің жаңа түрі бойынша жүлдеге ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AgroTimes ақпарат көзіне жөн сілтеген EastFruit сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сырты кәдімге кәдіге ұқсағанымен іші қиярды еске түсіретін бұл өнім (Zucchiolo) кәдінің жаңа сорты емес, мүлдем жаңа көкөніс. Салиағы небәрі 250 грам болатын бұл өнімді салат түрінде шикілей тұтынуға да немесе баклажан секілді пісіріп жеуге де болады. Талшықтар мен А  және С дәрумендеріне бай, сондай-ақ, құрамында антиоксиданттар молынан кездесетін ерекше өнімнің дәмі тіл үйіреді. Осынау айтулы шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өнімді сатудан түскен табыс қайырымдылық жобаларға жұмсалады. Бұдан бөлек, пайданың елу пайызы қатерлі ісікпен күрес секілді әлеуметтік мақсаттарға кетеді.

0 пікір
Мұрағат