Ғалымдар: артық салмақ балалардың ойлау қабілетін төмендетеді
Ғалымдар: артық салмақ балалардың ойлау қабілетін төмендетеді
9 жыл бұрын 3510 inform.kz

Мамандар балалардың салмағы олардың ойлау қабілетімен тікелей байланысты екенін анықтады. Зерттеу барысында семіздікке душар болған немесе артық салмағы бар баланың өз істерін тиісті жоспарлай алмайтыны анықталды.

Экспериментке салмағы қалыпты 7-11 жас аралығындағы 45 бала қатысқан. Олардың ішінде 24-і тұрақты түрде спортпен айналысқан. Бұдан басқа, зерттеуге сондай-ақ артық салмағы белгіленген тағы 45 бала қатысты. Барлық қатысушыларға олардың ойлау қабілетін анықтайтын тестілеуден өту ұсынылған.

Ғалымдар сондай-ақ физикалық жаттығулардың баланың миының жұмысына оң әсерін беретіні туралы айтып отыр. Спортпен шұғылданатын балалар салмағы қалыпты болса да, жаттықпайтын құрдастарына қарағанда ең үздік нәтижелер көрсетті, деп жазады шетелдік БАҚ. 

0 пікір
Мұрағат