Ғалымдар ми қызметін жақсартудың ең оңай тәсілін атады
Ғалымдар ми қызметін жақсартудың ең оңай тәсілін атады
8 жыл бұрын 5373 ҚазАқпарат

Зерттеушілер  бірқатар  тәжірибелерден кейін  «Суды көп тұтыну ми қызметінің өнімділігін 14 пайызға арттырады» деген тұжырым   шығарды.

Зерттеуге 34 ер адам мен әйелдер қатысты. Олар екі рет парасаттылыққа тест тапсырды: біріншіде - астық дәндері қосылған таңғы ас, екіншіде  - осы тағамға бір шиша су қосылып берілді. Нәтижесінде су тұтынған адамдардың ми қызметінің белсенділігі артқан.

Мамандар су ішкеннен кейін ми белсенділігінің күшеюі ағзаға су қажеттілігі туралы белгі беретін ми учаскесінің жүктемесінің азаюына байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Ағзаның жұмыс істеуіне ылғалдың тиісті деңгейінің маңызы зор. Алайда оны тұтынбаған жағдайда да, адам қатты шөлдемейді, сондықтан ағзаға қажетті болса да, олар суды көп іше бермейді.

Сарапшылар жасынан, салмағынан тыс кез келген адамға суды тағамға дейін ішуді ұсынады. Тағам ішер алдында 15-30 минут бұрын ішкен дұрыс. Күні бойы да аз-аздап су ішіп тұрған пайдалы, деп жазады шетелдік БАҚ. 

0 пікір
Мұрағат