Жарықшақ түскен керамиканың шытынаған жері өзі бітеді (видео)
Жарықшақ түскен керамиканың шытынаған жері өзі бітеді (видео)
3 жыл бұрын 1939 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Texas A&M ғалымдары керамика түрлерінің бірінің жарықшақ түскен жері бөлме температурасында өздігінен қалпына келетін, бұрын белгісіз болып келген тетікті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы today.tamu.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Керамика әдетте мехарикалық әсерден жиі шытынайды, сол себепті, тез сынып жатады. Кейбір керамикалық бұйымдарды шытынағаннан кейін жарықшақ түскен жерін жігін білдірмей бітеуге болады, алайда, ол үшін аса жоғары температура қажет. Америкалық ғалымдар керамиканың нақты бір түрін тапты – хром алюминиінің карбиді, ол бөлме температурасы кезінде жарықшақ түскенде өздігінен қалпына келеді. Аталған керамика материалдың ауыспалы қабаттарынан тұрады, дәл осы құрылым оған жарықшақты жөндеуге мүмкіндік береді. Жарықшақ түскенде түрлі қабаттарының арасында ақау пайда болады, оны иілу сызығы деп атайды. Иілу сызығындағы кристалдар қысым түскенде айналып, ол жарықшақтың одан ары тереңдеуіне кедергі келтіреді және қалпына келтіреді.

Ұқсас материал:

«Жарықшақтанған жері өздігінен қалпына келетін бетон жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryqshaqtangan-jeri-ozdiginen-qalpyna-keletin-beton-jasaldy-video-15376/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат