Жасанды жапырақ табиғи жапыраққа қарағанда көмірқышқыл газын 100 есе тез сіңіреді
Жасанды жапырақ табиғи жапыраққа қарағанда көмірқышқыл газын 100 есе тез сіңіреді
2 жыл бұрын 2448 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Чикагодағы Иллион университетінің ғалымдары атмосферадағы CO2 (көмірқышқыл газын) сіңіретін жасанды жапырақ жүйесін ойлапт тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Energy & Environmental Science мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күн сәулесін, суды және көмірқышқыл газын энергияға айналдыратын табиғи фотосинтез процесін тудыру – ғылымның бұрыннан келе жатқан мақсаты. Мұндай жүйе климат өзгерісімен күресте маңызды рөл ойнайды. Мерикалық ғалымдардың аталмыш жүйесі бұл тараптағы өзге технологияларға қарағанда көмірқышқыл газын 100 есе тез сіңіруімен айрықшыланады. Жаһандық жылынуға себеп болып отырған көмірқышқыл газын атмосферадан аулайтын, дәлірегі, зертханада қысыммен жұмыс істейтін резервуардан аулайтын өзге технологияларға қарағанда бұл жүйе нақты өмірде жұмыс істейді – ол ол ма, ол көмірқышқыл газын ауа мен көмір электр стансаларынан бөлінетін түтіннен аулай алады. Тек аулап қоймай, оны отын мен өзге де пайдалы материалдарға айналдырады. Бұрын жарияланған теориялық тұжырымдаманы пайдалана отырып, ғалымдар арзан материалдардың көмегімен жасанды жапырақтың стандартты жүйесін жетілдірген болатын. Бұл бағытта конструкцияға электрмен қуатталған мембрана арқылы жалғанған құрғақ және ылғал жақтарын қосты. Құрғақ жағында органикалық ерітінді көмірқышқыл газымен қосылып, оны мембранада жиналатын концентрациялық бикарбонатқа (яғни, ас содасына) айналдырады. Бикарбонаттың пайда болуына қарай кері қуатталған иондар мембрана арқылы мембрананың ылғалды жағындағы ерітіндіде оң қуатталған электродтқа тартылады. Сұйық ерітінді бикарбонатты көмірқышқыл газына айналдырады, өйткені, оны босатып, отын ретінде пайдаланады. Электр қуаты бикарбонатты мембрана арқылы өткізу процесін тездету үшін пайдаланылады. Жасанды жапырақ жүйесі оңтайлы сәтте материалдың әрбір 4 шаршы сантимтерде 3,3 миллимол (ыс) жинайды. Құрылғы модулды болып келеді, шағын: оны бір-бірімен жалғау арқылы түрлі жағдайларға қарай бейімдеуге болады.

UIC инженерлік колледжінің ғалымдары әзірлеген көмірқышқыл газын аулау процесінің бейнесі. Түтіннен немесе аудан аулаатын көмірқышқыл газы құрғақ ерітінді арқылы сіңіріліп, бикарбонат иондарына айналдырылады – ол өз кезегінде мембрана арқылы өтіп, көмірқышқыл газына айналғанша сұйық ерітіндіде ерітіледі. Көміртек атомдары қызыл түспен, ал оттегінің атомдары көк түспен берілген, сутегі атомдары ақпен белгіленген. Фото: Адитья Праджапати

Ұқсас материалдар:

«Сәуірде СО2-ні «сіңіретін» механикалық ағаш фермасы іске қосылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sauirde-so2-ni-siniretin-mehanikalyq-agash-fermasy-iske-qosylady-video-16328/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат