Жасанды жасуша жасалды
Жасанды жасуша жасалды
3 жыл бұрын 2832 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Rick Bowmer / AP

Америкалық ғалымдар тірі жасушаның функцияларын (сіңіру, «қорыту», затты бөлу) атқара алатын синтетикалық микрокапсула жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы уақытқа дейін ғалымдар жасушалар арасындағы қыртыстардан немесе мембрана арқылы заттарды өткізе алатын тірі жасуша жасай алмаған еді. Нью-Йорк және Чикаго жоғарғы оқу орындарының ғалымдары полимерден көлемі лимфоциттей болатын сферикалық мембрана жасап, оған саңылау істеген, осылайша мембраналық транстпортқа арналған наноканал жасады. Жасушада бұл процеске қажетті энергияны АТФ молекуласы мен митохондрия (АТФ молекуласы мен митохондрия туралы кезінде жазғанбыз: «Вирустың пайда болуына қатысты гипотеза» (https://islam.kz/kk/news/gylym/virustyn-paida-boluyna-qatysty-gipoteza-14412/#gsc.tab=0); «Генетикалық ауруларды емдейтін тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/genetikalyq-aurulardy-emdeitin-tasil-tabyldy-13867/#gsc.tab=0); «Адам организімінің ең ыстық нүктесі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminin-en-ystyq-nuktesi-anyqtaldy-14779/#gsc.tab=0) істеп шығарады. Ғалымдар наноканалға ультракүлгін сәуленің әсерімен немесе рН өзгергенде мембранаға «жүкті» тартатын қысымның төмен аймағын тудыратын фотокатализатор үстеген болатын. Кері процесс жүкті сыртқа итеруге мүмкіндік береді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі сәтті шықты. Тәжірибе барысында жасанды жасуша суды ластаушы қоспалардан тазарта алды. Өзге микрокапсула ішек таяқшасын (Escherichia coli бактериясын) «жұта» алған болатын. Бұл жасанды жасуша бактерияға қарсы дәрінің де рөлін атқара алатынын көрсетіп берді.

Ұқсас материалдар:

«Вирусқа бой бермейтін жасанды гені бар жасуша жа»алды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/virusqa-boi-bermeitin-jasandy-geni-bar-jasusha-jasaldy-15331/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар жасуша қозғалысын басқаруды меңгерді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jasusha-qozgalysyn-basqarudy-mengerdi-15079/#gsc.tab=0);

"Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-olgennen-keiin-belsendi-areketke-koshetin-zombi-jasushalar-tabyldy-15012/#gsc.tab=0);

«Жасуша жойылса да органелла тіршілігін жалғастыра береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasusha-joiylsa-da-organella-tirshiligin-jalgastyra-beredi-14867/#gsc.tab=0);

"Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі"  (https://islam.kz/kk/news/gylym/gylym-alemindegi-en-azaly-korinis-jasushanyn-olui-video-12496/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат