Кәдімгі Wi-Fi арқылы қабырғаның арғы жағынан көруге, тіпті, оқуға болады (видео)
Кәдімгі Wi-Fi арқылы қабырғаның арғы жағынан көруге, тіпті, оқуға болады (видео)
8 ай бұрын 1333 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің ғалымдары кәдімгі маршрутизаторлар сияқты Wi-Fi жабдықтарының сигналдары арқылы объектілерді анықтау үшін «Wifract» деп аталатын технологияны әзірледі. Ол қабырғалардың арғы жағындағысын «қарауға» және жоғары дәлдікпен объектілердің контурларын тануға мүмкіндік береді. Wiffiract-тың басты артықшылығы - оның жұмыс істеуі үшін арнайы құралды немесе құрылғыны қажет етпейді. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Wiffract технологиясы «Келлер конустары» деп аталатын құбылысқа негізделген - радиожиілікті сәуле объектінің шеткі нүктесіне тиген кезде пайда болатын сәулелердің шығыс жиынтығы. Егер сіз осындай конустардың барлығын талдасаңыз, сіз объектінің шекарасында орналасқан нүктелердің үш өлшемді моделінің түрін аласыз. Арнайы бағдарламада оларды біріктіру ғана қалады және сіз осы нысанның контурларын көре аласыз. Жасанды зердесіз немесе машиналық оқусыз көруге мүмкіндік береді. Wiffract технологиясының өзге әдістерден айырмашылығы мен артықшылығы осында. Десе де аталмыш технологияның жеке басқа қатысты мәліметтерді қолды ету мақсатында пайдаланылу қаупі бар.

Ұқсас материалдар:

«Ғалымдар Wi-Fі-дың көмегімен адамдарды қабырғаның арғы жағынан көре алады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-wi-fi-dyn-komegimen-adamdardy-qabyrganyn-argy-jagynan-kore-alady-18078/#gsc.tab=0);

«Үй сыртында тыңшы бар: қабырғаның сыртынан үй ішінде не болып жатқанын білдіретін технология пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/ui-syrtynda-tynshy-bar-qabyrganyn-syrtynan-ui-ishinde-ne-bolyp-jatqanyn-bildiretin-tehnologiya-paida-boldy-17072/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат