Huawei компаниясы Bluetooth-тен алты есе жылдам сымсыз технология ойлап тапты
Huawei компаниясы Bluetooth-тен алты есе жылдам сымсыз технология ойлап тапты
8 ай бұрын 1052 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі Huawei компаниясы NearLink арқылы деректерді қысқа қашықтыққа энергияны үнемдей отырып жылдам жеткізетін технология әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы компания сайтына (consumer.huawei.com) жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания өкілдерінің айтуынша, технология Wi-Fi және Bluetooth артықшылықтарын біріктіреді. NearLink жобасына 300-ден астам компания қосылды, олардың көпшілігі Қытайдан. Huawei өкілдері жаңа технологияны смарт құрылғыларға, смартфондарға, ноутбуктерге және өнеркәсіптік электроникаға арналған Bluetooth-ға балама ретінде қарастыруда. Әзірлеушілер NearLink көмегімен деректерді жеткізу жылдамдығы алты есе жоғары, кідіріс 30 есе аз және қуат тұтыну 60%-ға азғ деп мәлімдеді. Сонымен қатар, қамту қашықтығы екі есеге және желілік қосылымдар саны 10 есеге артатынын да алға тартып отыр. Techradar мәліметі бойынша NearLink жобасын таңдаған, яғни, технологиясын қолданған компаниялардың барлығы дерлік қытайдың өзінен: солардың ішінде электрониканың негізгі өндірушілері Hisense, Honor және Lenovo компаниялары кіреді. Халықаралық компаниялардан тайуандық жартылай өткізгіш өндіруші Mediatek және француздардың құрылыс материалдарын өндіретін Saint-Gobain компаниясы бар. Консорциумға қатысушылардың арасында жартылай өткізгіш құрылғылар нарығында көптеген ірі халықаралық ойыншылар - Intel, Qualcomm, AMD немесе Nvidia жоқ. Techradar сарапшылары Huawei компаниясына қарсы санкциялар аталған технологияның тек Қытай нарығымен шектелетінін алға тартып отыр.

 

0 пікір
Мұрағат