|
Көздің нұрлы қабықшасын көрсеткені үшін ақша беретін банкомат
|
Global Look Citigroup қаржы компаниясы Diebold өндірушісі шығарған жаңа банкоматтарды сынауда. Бір қызығы, бұл банкоматтан ақша алу үшін көзіңіздің нұрлы қабықшасын көрсетіп, машинаға сканерлетсеңіз жетіп жатыр, деп жазады Diebold ресми сайты. Бұған Irving технологиясы арқылы қол жеткізілген екен. Келешекте қолма-қол ақшаны шешу үшін картаның қажеті болмай қалады. Тиісті банктің қосымшасы жүктелген cмартфон немесе планшетте қажетті соманы көрсетсеңіз, артынша жақын маңдағы банкоматқа барып, көздің нұрлы қабықшасын сканерлейсіз де ақшаны сол жерден ала бересіз. Бұл үшін небәрі 10 секунд уақыт жұмсайсыз, дейді компания өкілдері.
Дайындаған: Г. Абилова
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды