|
Некенің адам ағзасына тигізер тағы бір шипасы ашылды
|
Жүрегіне ота жасатқан пациенттің неке қидыруы оның ағзасына оң әсерін тигізіп, денсаулығының жақсаруына септігін тигізеді. Америкалық ғалымдардың тұжырымы осындай. Осыған қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар соңғы екі жылда жүрегіне ота жасатқан және аталған мерзім аралығында өмірден озған 1576 адамды бақылаған екен. Олардың 65 пайызы үйленгендер болса, 12 пайызы ажырасып кеткендер, ал жесір қалғандар – 21 пайызды құраған, неке қидырмағандары – 2 пайыздан аспаған. Алғашқы топтағылардың көбісі ерлер және отадан кейін денсаулықтары нығайған көрінеді. Ал жесір қалғандардың немесе ажырасқандардың арасында отадан кейін жүрегі қайта сыр бергендер қарасы 40 пайыздан асып кеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды