Өсімдікті тыңайтып, су қоймаларының ластануын кемітетін бактерия штаммы пайда болды
Өсімдікті тыңайтып, су қоймаларының ластануын кемітетін бактерия штаммы пайда болды
2 жыл бұрын 1799 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бактерияның конструкцияланған (құрастырылған) штаммы (қоздырғышы) ауыл шаруашылық өсімдіктерін тыңайтып қоймай, сонымен қатар, су қоймаларының немесе бөгесіндерінің ластану деңгейін төмендетпек. Бұл жайында islam.kz порталы journals.asm.org ақпарат өзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Вашингтон университетінің ғалымдары аммиак өндіру үшін Azotobacter vinelandii бактериясының штаммын жасады: ол жоғары концентрацияда (шоғырда) бөліп, өсімдікті тыңайтады. Вашингтон штатының жоғарғы оқу орнының биологиялық химия институтының доценті, философия ғылымының докторы Флоренс Мус атап өткендей, мұндай тәсіл (бактериямен арнайы жасалған өнеркәсіп тыңайтқыш) қоршаған ортаның негізгі ластаушы көзінің әсерін көп төмендетеді. Бұл тарапта ғалымдар қоршаған ортаның жағдайына қарамастан аммиакты ұдайы бөлуі үшін аталмыш бактерияны конструкциялау мақсатында генді редакциялау әдісіне жүгінген. Бактерия оын көп мөлшерде бөлу арұылы ауыл шаруашылық өсісдіктерін тиімді жолмен тығайта алады. Яғни, бұл арада ғалымдар A. vinlandii геномына трансгендерді енгізудің орнына генді өңдеу әдістерін пайдаланды. Бұл тәсіл өз кезегінде аталмыш процесті қиындатып, қымбаттатын нормативтік талаптарды орындау міндетінен құтқарған болатын. Ғалымдар бұл бағытта азотфиксацияны, яғни, атмосфералық азоттың органикалық қосындыларға айналдыратын химиялық процестерді зерттемек болған еді. Нақты пайдасы судың ластану деңгейін төмендетуде болып отырғанын айта кету керек: азот тыңайтқыш суға тап болып, ластайды. Осының кесірінен балдырдың көбейіп, судағы оттегінің азаюына алып келмек, ал бұл жайт өз кезегінде судағы балық пен өзге де тіршілік иелерінің қырылуына ұрындырады. Бұл жаңалықтың артықшылықтарын былайша тізбелеп, түйіндеуге болады біріншіден, ауыл шаруашылығындағы биологиялық тыңайтқыштар қоршаған ортаның ластану деңгейін азайтады, екіншіден, азоттың топарықтағы айналымын қадағалауға мүмкіндік бермек, үшіншіден, өндіріс шығындарын кемітеді, төртіншіден, фермерлер табысын арттырады, сондай-ақ, топырақ құнарлығын арттыру есебінен тағам өнімдерінің өндірісі ұлғаяды. 

0 пікір
Мұрағат