Пластикалық шөлмектегі су бас сақинасына алып келеді
Пластикалық шөлмектегі су бас сақинасына алып келеді
8 жыл бұрын 6807

Пластикалық шөлмекке құйылған суды ұдайы ішетіндердің денсаулығында кінәрат пайда болатынын анықтады мамандар. Бір емес, бірнеше зерттеу жүргізу арқылы. Ғалымдардың дәлелдегеніндей, пластикалық ыдыстағы су адам ағзасындағы А бисфенол секілді химиялық заттың деңгейін көтеріп жібереді. Америкалық мамандар осынау химиялық заттың қаншалықты зиян екеніне көз жеткізу мақсатында егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген болатын. Зерттеу барысында байқалғандай, палстикалық ыдыстағы су тек бас сақинасын тудырып қана қоймай, адамды семіздік індетіне шалдықтырып, жүрек ақауына ұшыратады екен. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, бисфенолдың теріс әсерінен егеуқұйрықтар жарты сағаттан кейін жарық пен шудан өздерін қоярға жер таппаған. Ол ол ма, олардың ағзасында бас сақинасына алып келетін эстрогеннің көптеп шоғырланғаны байқалды.

1 пікір
Мұрағат