Қатерлі ісік метастазын тоқтатын дәрі жасалды
Қатерлі ісік метастазын тоқтатын дәрі жасалды
2 ай бұрын 1298 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Онкологияда төңкеріс жасайтын жетістік обырдың таралуын тоқтатуға саяды. Бұл жайында islam.kz порталы Angewandte Chemie International Edition ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Құдыстағы Еврей университеті мен Вейцман институты және Токио жоғарғы оқу орнының ғалымдары қатерлі ісікпен күрес саласында толағай табысқа қол жеткізді. Бұл арада қатерлі ісік метастазын тоқтататын дәрі турасында сөз болып отыр. Қатерлі ісік ауруының өршуіне MMP7 ферменті ықпал етеді.  Бұл фермент ісіктің айналасындағы тіндерге енуіне және басқа ағзаларға таралуына, яғни, метастазына ықпал етеді. Ғалымдар бұл ферменттің белсенділігін басса, ұйқы безінің қатерлі ісігі сияқты обырдың агрессивті түрлерінің дамуын айтарлықтай баяулататынын анықтады. MMP7 ферментін тежеу онкологиялық ауруларды емдеуде маңызды рөл ойнайды, сондықтан оның белсенділігін басатын дәрі жасау қиындық тудырып келген еді. Өйткені, MMP7 ферменті - металлопротеиназалар тобының бір бөлігі болғандықтан организмнің қалыпты жұмысында маңызды рөл атқаратын ферменттер. Бұл ферментті қалғандарына әсерін тигізбей бұғаттайтын дәріні жасаудың амалы осы уақытқа дейін табылмай келген еді. Ғалымдар бұл қиындықты еңсеру үшін өзге ферменттерге зиянын тигізбей тек MMP7 ферментімен ғана байланысып, оның белсенділігін басатын молекулалардың жаңа тобын – макроцикликалық пептидтерді жасай алған екен. D ' 20 деп аталатын осындай пептидтердің бірі 12 модификацияланған d-аминқышқылдарынан тұрады, ал модификациялынған (түрлендірілген) аминқышқылдары оның бірегей тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Қатерлі ісіктердің арасында емі қиын ұйқы безі обырын емдеуде де тиімділігі жоғары бұл дәрі болашақта әлдеқайда тиімді дәрілерді жасауға жол ашады.

0 пікір
Мұрағат