Салмақ тастау ерлерге қарағанда әйелдерге қиындау
Салмақ тастау ерлерге қарағанда әйелдерге қиындау
8 жыл бұрын 5505 ҚазАқпарат

Бұл мидың ерекшелігіне байланысты. Тышқандарға тәжірибе жасаған Абердин, Кембридж және Мичиган университеттерінің мамандары осындай тұжырымға келді. Олардың физикалық белсенділігі мен энергетикалық шығыны әр түрлі, деп хабарлады  "The Hindustan Times" ақпарат көзі.

Зерттеу барысында тәбеті жоғары, физикалық белсенділігі төмен тышқандардың аталығы сау, дене бітімі қалыпты болса, ал ұрғашыларда басқаша болған. Ғалымдар энергия жұмсауға жауап беретін ми бөлігі ерлер мен әйелдерде әрқалай екенін анықтады. Бұл ми бөлігінде тәбетті бақылайтын проопиомеланокортин пептиді гормоны өңделеді екен.

Тәжірибе кезінде белгілі болғандай, тәбет бақылайтын гормонға ықпал ететін препарат аналықтың тәбетін төмендеткенмен, оларды белсенді етпеді. Зерттеушілер бұл адамға да қатысты деп санайды. Сондықтан ер адамдар мен әйелдердің семіруден тұтынатын дәрісі әр түрлі болуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат