Сарымсақтың кішкентай бөлігін аузыңызға салып емделіңіз
Сарымсақтың кішкентай бөлігін аузыңызға салып емделіңіз
9 жыл бұрын 9723 massaget.kz Дайындаған: Жасұлан Исакаев

Сарымсақтың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Бұл керемет көкөніс түрі көптеген антибактериялық аурудың алдын алады. Сонымен қатар түрлі тұмау ауруына, атеросклероз және бүйрек ауруларына қарсы көмектеседі. Барлық әлемнің оқымыстысы бұл көкөністің жүрек-қан тамыр жүйелеріне әсері мол екенін айтады. Сарымсақты тұтыну арқылы қан тамырларыңызды қалыпқа келтіре аласыз.

Сарымсақпен ағзаңызды да ретке келтіруге болады.

Қытай медицинасында ағзаны ретке келтіру үшін сарымсақты пайдаланады. Ол үшін сарымсақтың сыртын аршып, оның бір кішкентай бөлігін ауыздарына салады. Бұл әдісті сіз де әр таң сайын шамамен 30 минуттай жасасаңыз болады. Көп ұзамай нәтижесіне көзіңізді жеткізесіз. Құрамында пайдалы элементтер бар сілекей сіздің қаныңызға барып, лимфа мен тамырларыңызды тазалайды. Сонымен бірге ауыз қуысыңыз бен қызыл иегіңізді қатайтады. Тісіңіздің қанауына жол бермейді.

Бұл тәсілді істеп болғаннан кейін міндетті түрде сарымсақты түкіріп тастап, аузыңыздан жағымсыз иіс шықпау үшін тісіңізді тазалап, шайғаныңыз дұрыс. Ал егер қарапайым тіс пастасы көмектеспесе, онда кофе түйіршіктерін немесе ақжелкен жапырағын шайнап көріңіз.

0 пікір
Мұрағат