Ұрығы сапалы ерлердің ұзағырақ өмір сүретіні анықталды
|

Ұрық сапасының ерлердің өмір сүру ұзақтығына әсер ететіні анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Human Reproduction мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу ерлердің ұрпақ өрбіту қабілеті мен ғұмыр ұзақтығы арасындағы өзара байланысты анықтауға көмектеседі. Әдетте ұрық сапасының төмендігін ұрпақ өрбіту қабілетінің кемдігімен байланыстырып жатады. Десе де соңғы зерттеу шәуеттің тұтас организмнің айнасы мен көрсеткіші бола алатынын дәлелдеді. Бұл тарапта Білікті мамандар 1965-2015 жылдар аралығында Копенгагендегі зертханада шәует сапасы сарапталған 78 284 ер адамның дерекнін талдады. Ғалымдар шәует концентрациясы, яғни, шоғырлану деңгейі, шәует көлемі, тәжірибеге қатысушылардың шәуетінің қимыл-қозғалыс белсенділігі мен морфологиялық тұрғыдан қалыпты шәуеттің үлесі сияқты параметрлерді бағалаудан өткізді. Ондаған жылдар бойы жиналған мәліметтерді талдаған ғалымдар мынадай заңдылықты тапты: эякулятта сперматозоидтардың жалпы саны 120 млн-нан асатын ер адамдар (бұл мінсіз көрсеткіш) нөлден бес миллионға (патологиялық көрсеткіш) дейінгі аралықта қозғалатын шәуеттердің жалпы саны бар ер адамдармен салыстырғанда 2,7 жылға ұзағырақ өмір сүретініне көз жеткізген. Абсолюттік мәнде шәуеттердің жалпы саны төмен ерлердің өмір сүру ұзақтығы 77,6 жасты, ал толық дені сау ер адамдарда 80,3 жасты құрады. Шәует сапасының ең төмен және ең жоғары санаттары арасындағы ұқсас айырмашылықтар басқа параметрлерде де байқалған. Мәліметтерді талдау үшін Cox-регрессиялық талдау деп аталатын әдіс қолданылды: ол ғалымдарға белгілі бір оқиға басталғанға дейінгі уақытқа түрлі факторлардың әсерін бағалауға мүмкіндік берді - бұл жағдайда өлім факторы таңдалды. Талдау ерлердің жасы мен денсаулық жағдайы сияқты басқа да факторларды есепке алуды қамтыды. Бұл фактор зерттеушілерге сперма сапасының өмір сүру ұзақтығына әсер ететін тәуелсіз фактор ретіндегі маңыздылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Ғалымдардың айтуынша, шәуеттің сапасы өмір сүру ұзақтығына әсер ететін жалғыз фактор емес. Өмір салты, тамақтану әдеті және генетика сияқты басқа да көптеген аспектілер де маңызды рөл атқарады. Алайда, жаңа ғылыми жұмыс ұрық сапасына қатысты көрсеткіштің де жалпы денсаулық жағдайының маңызды индикаторы бола алатынын және ұзақ өмір сүруді болжай алатынын көрсетті. Сөз орайы келгенде айта кету керек, күллі әлем бойынша ерлердің ұрық сапасы 1970-ші жылдардан бері төмендеп келеді. Бұл құбылысты тестестеронның төмендеуімен (бұл гормон сперматозоид пайда болатын жерде пайда болады) байланыстырған еді. Тестестеронның төмендеуі сол өткен ғасырдың жетпісінші жылдары ұл балалардың күш-қуатының қыздармен бірдей деңгейге түсуіне ықпал етті.