Ұялы телефон қолданысындағы қателіктер
Ұялы телефон қолданысындағы қателіктер
9 жыл бұрын 10779 Baq.kz

Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді.

Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей ұялы телефоннан шығатын электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады.

Сол үшін қалта телефонын қолданған кезде мына ережелерді естен шығармаған жөн:

-Қалта телефоныңызбен сөйлесу кезінде бір орыннан қозғалмай, байланыс желісі жақсы ұстайтын жерде тұрып сөйлесуге тырысыңыз. Нашар желі мен арлы-берлі қозғалыс барысы одан бөлінетін радиацияны күшейтіп жіберетіндіктен, оның адам денесіне, жүйке жүйесіне кері әсері арта түседі. Ал лифт ішінде ең жақсысы телефон пайдаланбаған абзал.

- Ал телефон нөмірін терген сәтіңізде қарсы жақ көтермейінше телефонды құлағыңызға апара көрмеңіз. Бұл кезде де оның радиациясы барынша артады. Ал қарсы жақ телефон тұтқасын көтергенге дейін барынша бас бөліміңізден аулақ ұстаңыз.

-Телефонды беліңіз бен мойныңыздан аулақ ұстаңыз. Адамның кейбір әлсіз жүйелері оның болмашы радиациясынан да зардап шегеді. Жүктілік мезгілінде телефон қолданудан тіпті аулақ болыңыз.

- Әдеттегі жағдайда телефоныңыздың блютуз жүйесін сөндіріп қойыңыз.

- Ұзақ уақыт радиация әсері үлкен мида пайда болатын әртүрлі аурулардың себепшісі. Сондықтан барынша сақтану үшін құлаққап пайдаланғаныңыз жөн.

0 пікір
Мұрағат