Әлемдегі ең кішкентай мешіт (фото+видео)
Әлемдегі ең кішкентай мешіт (фото+видео)
2 жыл бұрын 2844 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүгінде жол бойынан жолаушыларға арналған шағын мешіттерді немесе намазханаларды жиі кезіктіруге болады.. Мұндай құлшылық орындар таң болудан қалған. Десе де тарихы тым тереңде жатқан шағын мешіттер әлемде некен-саяқ. Бұл жайында islam.kz порталы Hyderabad News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осындай мешіттердің біріне Үндістанның оңтүстігінен, дәлірегі, Қайдарабад қаласында орын тепкен Мір Махмұд Сақып ғибадаи ғимаратын жатқызуға болады. Төрт ғасыр бойы қасқайып тұрған құлшылық үйі әлемдегі ең шағын мешіт атағына ие болған. Шағын алаңқайына немесе ауласына қарамастан оның өзіндік әрі біргей сәулеті бар. Жалпы аумағы 10 шаршы метрден аспайтын бұл көне мешітте бір мезгілде 5 адам намаз оқи алады. Жотада тұрғызылған мешіт тегі түркімен сопы Мір Махмұд Сақыптың құрметіне аталған. Ол Үндістанда, Абдоллар Құтба Шах билік еткен тұста, дәлірегі, 16-шы ғасырда өмір сүрген. Мешіт биік болғанымен екі мұнарасы және мінбері ғана бар. Бүгінгі таңда бұл мешітте қауіпсіздікты сақтау себебі бойынша намаз оқуға тыйым салынған – әбден тозғанына байланысты құлайын деп тұр.

0 пікір
Мұрағат