|
Дубай тұрғындарына бөгде біреудің әмияны үшін ақы төлейтін болды
|
Бөтен біреудің затын, мейлі ол ақша толы немесе іші бос әмиян болсын, мейлі ол айна-тарақ болсын, т.б. тауып алып, полицияға өткізген Дубай тұрғындарына бұдан былай тапқан затының нарықтағы құнының он пайыз мөлшерінде сыйақы берілетін болды. Яғни, әр тапқан затына бөлек төленеді. Мәселен, бөгде біреудің бірнеше затын бір мезгілде тапсаңыз, әр затына сыйақы бөлек есептеледі. Ол үшін тапқан затын екі тәуліктің ішінде, яғни, 48 сағаттан асырмай жақын маңдағы полиция бөлімшесіне өткізуі тиіс. Заң талабы осындай. Ал қолданысқа енді енген бұл заңның талабына құлақ аспағандар, яғни, бөтен біреудің затын жымқырып кеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды