|
Халықаралық Құран жарысының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
|
Мәскеуде өткен әлемдік деңгейдегі Құран оқудан жарыста ирандық Муса Мотамеди жеңіске жетті. "Крокус Сити Холл" концерт залында исламдық мәтінді жатқа оқушылар әлемнің 44 елінен жиналды. Олардың арасында Германия, Англия және АҚШ өкілдері де бар, деп хабарлайды ТАСС.
Байқауда екінші орында Йеменнен келген Заид Абдулатиф Абдулла әл-Санаани, үшінші орынды Танзаниядан келген Омари Абдалла Салим алды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі. Оның ең жоғары мөлшері - $5 мың көлемінде.
Жарысқа қатысушылар Құран аяттары мен сүрелерін жатқа оқыды. Әр қатысушы Құран мәтінінің алғашқы жолдары жазылған билеттерді суырып алып, оны төрешілер тоқтатқанша жатқа айтып берді. Қазылар құрамына Йордания, Ресей, Бруней, Мысыр, Йемен елдерінің өкілдері енді.
Мереке қонақтары үшін үш рет Ұмра қажылығына бару ойнатылды. Мүфти кездейсоқ нөмірлер арқылы залдан жеңімпаздарды анықтады.







Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөл далада бидай мен қара бидайдың алып буданын өсіреді
■
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
■
Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
■
Жасанды зерденің өз санасы пайда болатын күн алыс емес
■
Қауіпті бактериялар «жанының сірілігінің» құпиясы ашылды