"Жарапазан-Party" байқауы жарияланды
"Жарапазан-Party" байқауы жарияланды
9 жыл бұрын 5144

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті «Жарапазан-Party» жалпыхалықтық байқауына бәйге жариялап отыр. Дін исламның көкжиегін дәстүрлі ұстаныммен әспеттеп жеткізуге үн қосамын деуші барша халық игі байқауға қатысу мүмкіндігі бар. Байқаудың толық ережесі төмендегідей.

 

 «Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқауының

 ЕРЕЖЕСІ

1.    Жалпы жағдай

1.1.  «Жарапазан-Party» атты байқау (ары қарай – Байқау)  жалпыхалықтық бұқаралық шара болып саналады;

1.2. Байқау қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылады;

1.3. Байқау туралы ақпарат алдын ала www.ummet.kz сайтында жарияланады;

1.4.  Байқауға Астана қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.

 

2.   Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жариялаған «Дін мен дәстүр» жылдары аясында бұқара халық арасында ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрімізді насихаттап, дәріптеу;

2.2. Ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру;

2.3. Халықты он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен сүйіншілеу;

2.4. Оразаның рухани-моральдық, этикалық қасиеттерін насихаттау;

2.5. Жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді және толеранттылықты қалыптастыру.

 

3.    Байқаудың өту кезеңі

3.1. Байқау 2015 жылдың 20 маусымы мен 19 шілдесі күндері аралығында өтеді;

3.2. Байқауға ұсынылған жұмыстар ү.ж. 20 шілдесі күні қорытыланады.

 

4. Байқауға қатысу талаптары

4.1.   Байқауға жекелеген адамдар, шығармашылық топтар, студенттер мен мешіт шәкірттері, жалпы жамағат қатыса алады;

4.2. Байқауға қатысушылар классикалық немесе жаңарған заманауи жарапазан мәтінін ұлттық музыкалық аспаптардың немесе басқа да музыкалық құралдардың сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеусізхалық арасындафлеш-моб форматында орындап, бейне таспаға түсіріп, WhatsApp әлеуметтік желісіндегі +77074467695 номеріне немесе  nurastana-05@mail.ru хат қоржынына жолдауға, сондай-ақ, Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі «Нұр Астана» орталық мешітінің @ummetnews және @Үммет Ақпарат жеке парақшаларына сілтеме жасап немесе#жарапазан2015 хеш-тегі арқылы орналастыруға болады.

 

5.  Жүлдегерлерлі марапаттау

5.1. Байқаубарысында 1-2-3 орын алған орындаушыларақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталады.

 

6. Қосымша мәліметтер алу үшін

6.1.  +7 (7172) 44-58-48, nurastana-05@mail.ru.

0 пікір
Мұрағат