ОҚО-да діни жат ағымдардың алдын алу мақсатында анимациялық фильм түсіріліп жатыр
ОҚО-да діни жат ағымдардың алдын алу мақсатында анимациялық фильм түсіріліп жатыр
9 жыл бұрын 3717

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында «Мемлекет. Қоғам. Дін», «Дін және дәстүр» телебағдарламалары мен «Жасөспірімдерді жат діни ағымдардан сақтандыру» тақырыбында он минуттық анимациялық фильм дайындалып жатыр. Бұл туралы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мекемесінің директоры Нұржан Тұрсынбай хабарлады.

Оның айтуынша, бұдан өзге теріс бағыттағы діни үгіт-насихаттың алдын алу мақсатында тағы 15 бейнеролик пен 5 фильм әзірленуде.

‒ Орталықтың басты мақсаты – қоғамдағы саяси ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру, талдау жүргізу, діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету. Бүгінде біздің орталықта 28 қызметкер жұмыс атқарса, оның 17-сі — дінтанушы-теологтар, — дейді Нұржан Тұрсынбай.

Журналистермен өткен кездесу барысында мекеме директоры биылдың екінші жартыжылдығында діни экстремизм және терроризмді алдын алу мақсатында 4 тақырыпта әлеуметтік зерттеу жүргізілетін, сондай-ақ, білім ордалары мен аудандар мен қалаларда және түзету мекемелерінде кездесулер ұйымдастырлатынын жеткізді.

Сондай-ақ, ол Оңтүстік Қазақстанда діни сауаттылықты арттыру мақсатында биыл 32 мың кітап тегін таратылатынын да мәлімдеген болатын.

0 пікір
Мұрағат