Оңтүстік Қазақстан облысының студенттері қазақ қарпін латынға көшіруге көмектесетін қосымша әзірледі. Оны тегін пайдалануға болады. Нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласындағы колледждердің бірінде оқитын студенттер алдағы уақытта қазақ қарпін латынға көшіруге көмектесетін мобилді қосымша ойлап тапқан. "Егер сіздің қандай да бір құжатыңыз қазақ қарпінде жазылып, оны латыншаға көшіруге тура келсе, онда оны басынан аяғына дейін қайта тасқа басып әуре болып жатпайсыз, сіз бар болғаны бұл жобаны пайдаланасыз. Бая-аяғы бес минуттың ішінде материалыңызды еш қиындықсыз көшіре аласыз",- деді аталмыш жоба авторларының бірі Қуаныш Рысқұлов. Студенттер өздері ойлап тапқа қосымша арқылы кітаптарды, құжаттарды латынға көшіруде уақыт үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтып отыр. Студенттер өздерінің бұл жобасын тегін пайдалануға бермек. Айта кетейік, биыл сәуір айында Білім және ғыдым министрлігі қазақ қарпін латынға көшіруге арналған жұмысшы тобын құрға болатын. Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек сәуір айында қазақ қарпін латынға көшіру мәселелеріне байланысты әдіснамалық орталық құруды жоспарлап отырғанын жеткізген еді. Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев латынға көшуді науқанға айналдырып алмау жағына назар аударуға шақырды. Латынға көшу жоспарлы әрі жүйелі түрде жүзеге асуы тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды