|
Тұңғыш рет каллиграфиялық, интерактивті, электронды Құран жарыққа шықты (фото)
|
Оманда әлемде тұңғыш рет қасиетті Құранның ерекше данасы жұртшылықтың назарына ұсынылды. Нақтырақ айтқанда, каллиграфиялық, интерактивті, электронды Құранды жасауға Германия, Голландия, Польша және Ливан мамандары атсалысты. Аталмыш жоба стационарлы компьютерден бастап, қалта телефонына дейінгі барлық электронды құрылғылардан көруге болады. Бір артықшылығы, мұсылмандар электронды Құранды тек оқып қана қоймай, мәтінін түрлі түске өзгертіп, бетін белгілей алады, тақырыбының стилін өзгерте алады. Айта кетейік, тараулардың бас жағы VIII ғасырға тән куфалық стилмен берілген. Бұл стиль 1965 жылы зілзаладан кейін Йеменнен табылған қасиетті Құран үзінділерінің фото-суретінен алынған.


Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды