2021-2025 аралығы бәріне табыс декларациясы
2021-2025 аралығы бәріне табыс декларациясы
4 жыл бұрын 2212

2021 жылдан бастап қазақстандықтар біртіндеп табыстарын декларациялауға көшеді, деп хабарлайды naryk.kz ақпарат көзі электронды үкіметке сілтеме жасай отырып.

2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерге теңестірілген азаматтар мен олардың жұбайлары табыстарын декларациялай бастайды.

2023 жылдан бастап мемлекеттік кәсіпорын, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және өзге де сала қызметкерлері мен олардың жұбайлары табыстарын декларациялайды.

2024 жылдан бастап заңды тұлғалар мен ЖК басшылары және олардың жұбайлары декларациялайды.

2025 жылы қалған азаматтардың барлығы өз табыстарын декларациялауы тиіс.

Айта кетерлігі, жоғарыда аталған санаттағы азаматтардың барлығы декларациядан өтуі тиіс жылы қағаз күйінде 15 шілдеге дейін, электронды түрде 15 қыркүйекке дейін тапсырулары қажет.

Электронды үкіметтің мәліметінше, декларациялаудың мақсаты көлеңкелі экономиканың алдын алу, жемқорлықты азайту, салық базасын кеңейту, ЖТС (жеке табыс салығы) есебінен бюджет түсімін көбейту және азаматтардың салық мәдениетін арттыру.

0 пікір
Мұрағат