|
Алматылық кәсіпкер көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі пәтер сыйлады
|
Алматылық кәсіпкер әйел бір отбасыда мидың сал ауруына шалдыққан үш бала тұратын Елеуовтер отбасына 4 бөлмелі пәтер сыйлады. Көпбалалы отбасы жаңа қонысқа 1 наурызда көшеді. Елеуовтер отбасы Шымкентке осыдан екі жыл бұрын Қазығұрт ауданынан көшіп келген. Олар қалаға балаларына медициналық көмек алу мақсатында келеді, дегенмен табыстарының көп бөлігі азық-түлік пен пәтер жалдап тұруға кетеді екен. Отағасы Әлихан Елеуов өздігімен жүре алмайтын балаларын тәрбиелеу үшін жұмысын тастауға да мәжбүр болған. Осыдан кейін олар тілшілер арқылы елден көмек сұрайды. "Біреулер оларға азық-түлік беріп жатты. Ал алматылық кәсіпкер әйел баспана ұсынды", - деп хабарлады басылым.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады